Елімізде тұрғын үй кезегі қалай жылжып жатыр - зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 516.16
  • 584.86
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тұрғын үй кезегі қалай жылжып жатыр - зерттеу

Елімізде тұрғын үй кезегі қалай жылжып жатыр - зерттеу

Елімізде қанша адам мемлекеттен баспана алуға үміттеніп жүр?

  • 24 Ақпан
  • 18
Фото: workspace.ru

Қанша тұрғын мемлекеттен үй күтіп отыр, ең ұзын кезек қай өңірде және кімнің пәтер алу мүмкіндігі жоғары екенін статистикалық деректермен Caravan.kz медиа порталы келтіреді.

Бүгінгі таңда 655 689 азамат кезекте тұр. Бұл — ел бойынша жалпы көрсеткіш. Кезекте тұрғандар — тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе мемлекеттен баспана алу үшін өтініш бергендер.

Түркістан облысының тұрғындары бұл тізімде бірінші орында. Аталмыш өңірде 68 329 адам кезекке тұрған. Кейінгі бестікте: Шымкент — 52 257 адам, Жамбыл облысы — 44 856 адам, Алматы — 44 189 адам және Алматы облысы — 40 028 адам.

Астана алғашқы бестікке кірмеді, мұнда 38 064 адам кезекте тұр (6-орын). Ең аз кезек Ұлытау облысында — 6 126 адам.

Соңғы бір айдың ішінде тізімге тағы 19 793 адам қосылған.

Кезекте кім тұр

Бұрын кезек категория бойынша болатын. Ең көп бөлігін әлеуметтік осал топтар құрайды. Бұл — белгілі бір жағдайларға байланысты баспанасыз қалған, асыраушысынан айырылған немесе жұмыс істеу мүмкіндігі жоқ адамдар. Оларға жетім балалар, І және ІІ топ мүгедектері, зейнеткерлер және басқа да азаматтар жатады.

Кезекте тұрғандар саны мына категорияларда көп:

  • әлеуметтік осал топтар — 256 842 (69 %);
  • мемлекеттік қызметкерлер — 195 969 (29 %);
  • көп балалы отбасылар — 137 660 (21 %).

Ең сирек категория — ғарышкерлер мен ғарышкерлікке кандидаттар. Екі-ақ адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Кезекте тұрғандар саны мына категорияларда аз:

  • ҰОС ардагерлері — 23;
  • сайланбалы лауазымдағылар — 43;
  • «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар — 89.

Тұрғын үй кезегі қалай жылжып жатыр

Былтыр мемлекет тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 1.1 трлн теңгеден астам қаражат бөлді.
Бұл ақша жалға берілетін үйді сатып алуға (сатып алу құқығымен және құқығынсыз), несиеге берілетін пәтерлерге (2 және 5 % жеңілдікті несие) және мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларға («Отау», «Наурыз» және «7-20-25») жұмсалды.

Бір жылда кезекте тұрған 60 мыңнан астам азамат баспаналы болды.

Кезекке кімдер тұра алады?

Жылдар бойы тек жеңілдікті категорияға жататындар немесе апатты жағдайда деп танылған үйде тұратындар тіркеле алатын. Бірақ былтыр заңға өзгерістер еніп, енді үйі жоқ кез келген адам кезекке тұра алады. Дегенмен жеңілдікті категорияға жататындар басымдыққа ие болады.

Басымдыққа ие азаматтар:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері және соған теңестірілген ардагерлер.
  • Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған көп балалы аналар.
  • Көп балалы отбасылар.
  • Жесірлер.
  • Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар
  • I және II топтардағы мүгедектігі бар адамдар

Мемлекет тұрғын үйдің кемінде 70 %-ын осы категориялардағы тұрғындарға үлестіреді.

Кезекте тұрғандарға қойылатын негізгі талаптар

  1. Қазақстан азаматы болу.
  2. Қалада/облыста тұрақты тіркелген (Астана, Алматы, Шымкент қалаларында — кемінде үш жыл).
  3. Соңғы бес жылда Қазақстан аумағында өтініш берушінің де, оның отбасы мүшелерінің де меншігінде тұрғын үй болмауы.

Мынадай жағдайларда да кезекке тұруға болады:
— тұрғын үй санитарлық нормаларға сай келмесе;
— іргелес, жеке бөлмелерде екі немесе одан көп отбасы бірге тұрса;
— отбасында созылмалы аурудың ауыр түрімен ауыратын науқастар болса.

Тұрғын үй кезегіне тұру процесі арнайы Kezekte. kz платформасында онлайн өтеді. Ол үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.