"Қаншама қаракөз қазағымның ақшасын шетелге миллиардтап жібердім": Айнұр Тұрсынбаева бұрын еш жерде айтпаған құпиясын айтып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.68
  • 583.03
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қаншама қаракөз қазағымның ақшасын шетелге миллиардтап жібердім": Айнұр Тұрсынбаева бұрын еш жерде айтпаған құпиясын айтып салды

"Қаншама қаракөз қазағымның ақшасын шетелге миллиардтап жібердім": Айнұр Тұрсынбаева бұрын еш жерде айтпаған құпиясын айтып салды

Танымал айтыскер ақын, желілік компания жетекшісі Айнұр Тұрсынбаева өзінің бизнесінің неден басталғанын мәлім етті.

  • 10 Сәуiр
  • 114
Instagram/Айнұр Тұрсынбаева

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ақын өз ойын желідегі парақшасында білдірген.

«Төрт күн! Төрт қала, төрт кездесу! Батыс өңіріне сапарымыздан алған әсеріміз көл-көсір!
Риясыз, шынайы көңілдерімен, аппақ пейілдерімен күткен халықта қисап жоқ. Оларды бұл кездесуге жетелеп келген құдырет — қазағым деп соққан жұдырықтай!!! Алғыс жауған күндер болды нағыз.

“Бизнес көп қой. Ақша мен бизнестен бұрын қазақты қолдап келдік” деген сөздеріңіз біздің рухымызды асқақтатты ғой, Батысым. Небір арқалы, рухты, жігерлі қолдаушыларымыз тұрғанда бізге кері шегінуге жол жоқ.

Тек қана алға жылжып, халқымыз үшін қызмет етеміз! Әлі талай кездесулер болары анық. Дегенмен осы алғашқы төрт кездесуді біз еш ұмытпаймыз!

ТОП лидер болғандықтан, шетелдерді шарлап, маркетингі керемет желілік компания әкелсем болар еді!!! Шетелдік тәлімгерге телміріп, тілім жетпей, духым жетпей маркетингін қазақшалап, жұмысты опырсам да жарасар еді.

Бірақ олардың мінберінде жалғыз қазақ боп тұрсам, намыстан өртенер ем, қаншама қаракөз қазағымның ақшасын шетелге миллиардтап жібергеніме өкінер ем…

Ал қазір еңсем тік, рухым асқақ! Қазағым деген еңбегіміз желге ұшпайтынын осындай басқосуларда айқын аңғарамын!!! Ендеше мен неден жасқанамын? Не үшін өкінемін?! 

“Қазағым” деп соққан жүректеріңізден айналдым, батыр да батыл БАТЫСЫМ!!! Сіздердее алған әсермен енді оңтүстік өңірлерді араласақ деген жоспарымыз бар. 

Біз SAAD-тан табыс тауып, молшылыққа кенеліңіздер дейміз. Жақсы ортаға келіп, жақсы адамдармен жолдас болыңыз дейміз. Ең бастысы, қазақты қолдап, намысты, арды, рухты жоғары қояйық дейміз.

Намысшыл өңір — табысшыл. Мың алғыс сізлерге, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау», — деп жазды айтыскер ақын.