Қарағанды облысында екі жастағы бала пойыздың астына түсіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.45
  • 598.59
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында екі жастағы бала пойыздың астына түсіп кетті

Қарағанды облысында екі жастағы бала пойыздың астына түсіп кетті

Қарағанды маңындағы теміржолда екі жасар бала жүк пойызының астына түсіп қалды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

  • 2 Маусым
  • 4
Фото: ҚТЖ

Оқыс оқиға «Қарағанды — Ақадыр» теміржол учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығындағы болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Зардап шеккен бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

— Бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, жансақтау бөліміне жатқызылды, — деп мәлімдеді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі де оқиғаға қатысты пікір білдірді.

— 2025 жылғы 1 маусым күні сағат 11:47–де «Қарағанды — Ақадыр» учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығында екі жасар баланың теміржол жолына шығып кетуіне байланысты жүк пойызының машинисі шұғыл тежегіш қолданды. Зардап шеккен баланы ата-анасы Қарағанды қалалық балалар ауруханасына жеткізді, — делінген хабарламада.

Оқиғадан кейін ақпарат «Қарағанды-Сортировочная» стансасындағы желілік полиция бөлімшесіне берілді.