Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде екі кенші үйіне жіберілді.
«Екеуі үй жағдайында емделіп жүр, тағы біреуі стационарда, жағдайы ауыр, қажетті медициналық көмекті алып жатыр», — дейді дәрігерлер.
Айта кетері, наурыз айында Саран шахтасында 43 жастағы кенші көз жұмды. Ол құрылғыны монтаждау кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан қайтыс болған.