Қарағанды зауытындағы апат: Қазір не белгілі? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды зауытындағы апат: Қазір не белгілі?

Қарағанды зауытындағы апат: Қазір не белгілі?

Оқыс оқиға 20 шілде күні таңғы уақытта болған.

  • 25 Шiлде
  • 3
Фото: видеодан алынған

Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытының пешінен өрт шығып, соның салдарынан кәсіпорынның 8 қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Аталған факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Зауыттағы №1 пештен жалын кенеттен шығып, салдарынан кәсіпорынның 8 қызметкері түрлі дәрежеде жарақат алған. «YDD Corporation» баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық зардап шеккен цех жұмысшылары ауруханаға жатқызылған. Оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

Зардап шеккендердің алтауы реанимация және қарқынды терапия бөліміне, екеуі комбустология бөліміне жатқызылды. Зардап шеккен бес адамның жағдайы өте ауыр, екеуі ауыр, бір науқас орташа ауыр деп бағаланған еді.

Бүгін белгілі болғандай, Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тағы үш қызметкер қайтыс болды.

Қайтыс болған қызметкердің бірінің жасы 25-те.

«Дәрігерлердің бүкіл күш-жігеріне қарамастан Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы бір қызметкерінен айырылдық. 1999 жылы туған науқастың денесін 90% күйік шалған. Осы уақытқа дейін ол өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан. Марқұмның жақын туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», — деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

25 жастағы Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы ферроқорытпа зауытында технолог болып жұмыс істеген.

Одан кейін 1981 және 1987 жылы туған екі науқас есін жимай көз жұмды.

«Қарқынды реанимациялық шаралардан кейін Қарағанды ​​ферроқорытпа зауытында зардап шеккен тағы екі жұмысшының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 1981 және 1987 жылы туған науқастар есін жимай көз жұмды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін ақырына дейін күресті. Марқұмның жақын туыстарына шын ниетпен көңіл айтамыз», делінген хабарламада.

YDD компаниясы жерлеуді ұйымдастыру, қонақ асын өткізу және мазар тұрғызу, ескерткіш орнату бойынша барлық шығыны өз мойнына алғанын, сондай-ақ қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына барлық қажетті қолдау көрсететінін еске салды.

Атап айтқанда, компания келесі міндеттемелерді өз мойнына алады:

— Отбасын қолдау үшін жылдық 10 жалақы мөлшерінде біржолғы төлем.

— Отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесу.

— Қызметкер мен оның жұбайының барлық несиесін толық өтеу.