Қарағандыда жол апатынан бес адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жол апатынан бес адам зардап шекті

Қарағандыда жол апатынан бес адам зардап шекті

Қарағандыда үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бес адам зардап шекті

  • 5 Сәуiр
  • 2
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, апат 4 сәуірден 5 сәуірге қараған түні шамамен түн ортасында Көгілдір тоғандар ауданында болған. Соқтығысқа Chevrolet Cobalt, BMW және Lada Priora көліктері қатысқан.

Жол апаты салдарынан бес адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.