Қарағандылық ғалымдар тарихи-этнографиялық экспедицияға аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық ғалымдар тарихи-этнографиялық экспедицияға аттанды

Қарағандылық ғалымдар тарихи-этнографиялық экспедицияға аттанды

Мемлекет басшысы Жошы ұлысына арналған академиялық тарих жазылып жатқанан Ұлттық құрылтайда мәлімдеген еді.

  • 20 Қыркүйек
  • 5
Фото: ашық дереккөз

Қарағандылық ғалымдар мен өлкетанушылар Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған тарихи-этнографиялық экспедицияға аттанды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

20 қыркүйекте тарихшы-ғалымдар, географтар, өлкетанушылар, журналист-блогерлер, ҚР Ұлттық музейінің, Жамбыл, Атырау, Қарағанды облыстарының тарихи-өлкетану музейлерінің қызметкерлері, студенттер, суретшілер және түсірілім тобы пайдалы әрі қызықты сапарға аттанды.

«Бұл біздің екінші экспедициямыз. Біріншісі аймақтық деңгейде болды. Енді біз географияны кеңейтіп, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Атырау облыстарының тарихи орындарына – Жошы Ұлысы мен Алтын Орда кезеңіне жататын ескерткіштерге барамыз.

Біз Жошы ұлысының ескерткіштерін талдаумен айналысатын халықпен, жұртшылықпен, ғалымдармен кездесеміз. Бізге жергілікті жерлерде қандай зерттеулер жүргізіліп жатқанын білу маңызды», – дейді Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ержан Нұрмағамбетов.

Айта кетейік, қазір Қазақстанның жеті томнан тұратын жаңа академиялық тарихын жазу жұмыстары жүйелі жүріп жатыр. Аталған еңбектің дербес томы Жошы ұлысына арналады.