Карантин деп, шекараны жауып тастау керек - Абзал Құспан қашып келген ресейліктерді елден шығарудың жолын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Карантин деп, шекараны жауып тастау керек - Абзал Құспан қашып келген ресейліктерді елден шығарудың жолын айтты

Карантин деп, шекараны жауып тастау керек - Абзал Құспан қашып келген ресейліктерді елден шығарудың жолын айтты

Адвокат Абзал Құспан Ресейдегі мобилизацияға қатысты өз пікірін ашық айтты.

  • 23 Қыркүйек 2022
  • 137
Фото - Caravan.kz

Кеше ғана кірген орыстарды елден шығарудың жолы бар дейді Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында, деп жазды  Caravan.kz медиа порталы. 

— Ресейден енді келіп жатқан орыстар мен елімізде тұрып жатқан орыстарда кәдімгідей айырмашылықтар бар. Біздің менталитетті үйренбеді, қазақ тілін меңгермеді десек те, түріне қарап бірден ажыратуға болады. Бәрібір бізге жақындау. Айырмашылық көзге ұрып тұрады. 

Ресейде қазір мобилизация туралы жарлыққа қол қойылды. Соны желеу етіп, әскер жасындағы кіріп алған орыстарды шығаруға болады деп ойлаймын. Онымен ҰҚК мен ІІМ айналыса алады. Бас прокаратура немесе әскери прокаратура осыны қадағалау керек. 

Өзіміздің елдегі қазақтар қорқып, өзіміз қалсақ та, балаларымызға алаңдап, шетелде тыныш өмір сүргенін қалаймыз деп жатқандар бар. 


2020 жылғыдағыдай шекараны пандемия деп жауып тастайықшы. Кім бізге не дейді? Кім оны зерттеп, кім оны дәлеледеп, кім ол ПЦР-ді алып жүреді? Пандемияға қауіптің алдын алу мақсатында шекарамызды шегендейміз, бекітеміз десек, кім жоқ дейді. Қандай болмаса да, жақын арада бір шешім қабылданады деп ойлаймын. Өйткені олардың саны қандай, біздің санымыз қандай? , дедйі адвокт.