Карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 33 адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 33 адам қайтыс болды

Карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 33 адам қайтыс болды

Қазақстанда наурыз айынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық бабына жататын 241 қылмыс тіркелген. Нәтижесінде 33 адамның өлімі тіркелген. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің ерекше істер жөніндегі аға тергеушісі Арман Мәтжан мәлім етті.

  • 6 Тамыз 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

Арман Мәтжанның айтуынша, коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында жарияланған көктемгі төтенше жағдай кезінде отбасылық жанжалдың саны көбейген. 

«2020 жылдың 16 наурызы, яғни, төтенше жағдай енгеннен бастап, 5 тамызға дейінгі аралықта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 241 қылмыс тіркелді. Соның салдарынан 33 адам көз жұмды», — деп мәлім етті Арман Мәтжан.

Тергеу департаментінің хабарлауынша, өткен жылдың дәл осы кезеңінде (16 наурыз бен 31 шілде аралығы – авт.) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 168 жағдай тіркелген.

«16 наурыз бен 31 шілде аралығындағы мәліметтерге салыстырмалы талдау жасағанбыз. Биыл 31 шілдеге дейін 237 қылмыс тіркелді, өтткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл 41% пайызға көп. Яғни, былтыр осы аралықта 168 осындай факт анықталған еді», — деді ол.