Минсктен Нұр-Сұлтанға ұшып келе жатқан ұшақ Қарағанды әуежайына қонды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі растады, деп хабарлады Caravan.kz. медиа-порталы.
"Бүгін Минсктен ұшып келген ұшақ таңғы төртте Қарағандыға қонды. Үкімет осындай тапсырма берді, біз оны орындадық. Бортта 67 адам болған, олар карантинге алынды", — деп мәлімдеді министрліктен.
19 наурыздан бастап Қазақстан астанасы мен Алматы қаласы карантинге жабылады.
18 наурыздағы дерек бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 35 адамды құрады. Оның он сегізі – Нұр-Сұлтанда, он жетісі – Алматы қаласында.
16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды, режим отыз күнге созылады.
Беларусьте қазіргі уақытта 51 адам коронавирус жұқтырған.