Карантин ұзартылса, табысын жоғалтқандарға әлеуметтік төлем берілуі керек – Құдайбергенов - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Карантин ұзартылса, табысын жоғалтқандарға әлеуметтік төлем берілуі керек – Құдайбергенов

Карантин ұзартылса, табысын жоғалтқандарға әлеуметтік төлем берілуі керек – Құдайбергенов

Бұл туралы президенттің штаттан тыс кеңесшісі, экономист Олжас Құдайбергенов "Коронадағдарыс: экономиканың қалыпқа келуін қалай ынталандыру керек?" атты онлайн дөңгелек үстелі барысында айтты. 

  • 10 Шiлде 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазір мәжбүрлі түрде жабылған салаларға арнайы төлемдер төну қажет деп ойлаймын. Адамдарға бірдеңені істемеуге тапсырма берілген кезде, балама ұсыныс болуы тиіс. Қазір 2 апталық карантин енгізілді. Егер ол карантин ұзартылса, жұмыс істей алмайтын, табысын жоғалтқан салаларға төлем беруді 100 пайыз енгізу керек деп ойлаймын. Салық жүктемесіне келетін болсақ, бизнесте онсыз да проблелема туындап жатқанда, салық жүктемесі туралы айту наразылық тудырады. Бұл жерде екі нұсқа бар. Бизнес оған қалай көмектесу керегін талқылауды күтеді. Ал оның орнына салық жүктемесін көтеру талқыланып жатыр, — деді Құдабергенов. 


Экономистің айтуынша, қазір бюджетке де қиын. 

Бірқатар салаға салық жеңілдіктері де жасалды. Кейбір сала салық төлемейді. Сондықтан бюджетке де оңай тиіп жатқан жоқ. Үкіметке бір жағынан әлеуметтік міндетті орындау керек, екінші жағынан бизнеске де көмектесу керек. Қазір Ұлттық қорды барынша қолдану керек, — деді ол.