ҚР Мемлекеттік комиссиясының 2 шілдедегі шешіміне, бас мемлекеттік санитар дәрігердің 3 шілдедегі қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында төменде көрсетілген жолаушылар пойызының уақытша тоқтатылуы тағы 2 аптаға ұзарады:
- 1. № 31/32 «Алматы-2 – Павлодар» пойызы.
- 2. № 258/257 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» пойызы
- 3. № 3/4 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол — Алматы-2» пойызы
- 4. № 68/67 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол — Өскемен-1» пойызы.
Аталған пойыздарға билет алған жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, ақшалай қаражатты толық көлемде ала алады. Жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады.