Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл — Шымкенттегі Шәмші Қалдаяқов көшесі. Мұнда тәуліктік пәтерлер өте көп. Жезөкшелер де жетерлік. Тұрғын түгілі, тәртіп сақшыларынан айылын жимайтын оларға, әзірге «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа табылмай тұр.
Мына екі бойжеткен тілшілердің жасырын камерасына қалай түсіп қалғанынан бейхабар. Бейәдеп сөздерді білгенінше сайрап, тәнін сатуға дайын тұр. Тек, ортақ келісімге келсе болғаны.
Түнгі көбелектер тұрақтайтын орындар үшінші мегаполисте аз емес. Қаланың орталығы зинақорлардың ордасына әлдеқашан айналып кеткені рас. Мұнда тәулікке жалға берілетін пәтерлер де көп. Күн батқанда қызық қуатындар да осы жерден табылуға құмар. Ерігіп, бой сергітетіндер, тәнін саудалайтындар, қала берді, кәсіп үшін ақша табатындар да бой көрсетіп қалады.
Жыл басынан бері Шымкентте бірнеше жезөкшеліктің ордасы анықталған. Көпшілігі қылмыстық жауапқа тартылыпты. Сонда да олардың саны азаймай тұр.
ШЫҢҒЫСХАН РАЙЫМОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ:
-Аталған азаматшалар Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылады.
Тәнін сатушылардың арасында өзге елдің азаматшалары да кездесіп жататыны рас, әдетте. Оларды ұстап, елден шығарып жібергенімен, амалын тауып, қайта келетіндер де жоқ емес.