Караоке-барда есептесер кезде ақша таппаған жігіттер аңшы қаруынан оқ атқан
|
Ақша орнына мылтықпен қорқытқан! Астанада караоке-барда ішімдік ішкен ер адамдар ақша төлеуден бас тартып, мекеменің қызметкерлерімен жаға жыртысқан.
Кейін тентектердің бірі барда қалып, қалғандары шотты төлеу үшін ақша алып келуге кеткен. Алайда, ақша емес, аңшы мылтығын көтеріп келіпті. Мына таспада бұзақылардың әрекетін анық байқауға болады. Бірі пышақпен қаруланса, мылтықпен жүрген адам бардың ішінде бей-берекет оқ атқан. Кейін іздерін суытыпты. Бірақ алысқа ұзай алған жоқ. Бірі Армения азаматы болса, екеуі астаналық екен. Ұсталғандар мылтықтарын да қоқыс жәшігіне тығып үлгеріпті. Барлығы қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін