Бұл туралы Vesti.kz. жазып отыр.
Екінші айналымда 23 жастағы Каратанчева 6:4, 6:1 есебімен британдық Джейд Виндлиді ойсыра жеңді. Атап өткен жөн, Каратанчева әлемнің 128-ші ракеткасы саналса, 23 жастағы британдық теннисші тізімнің 389 сатысында орналасуда. Бұған дейін спортшылар өзара шеберліктерін сынамаған.
Бұған дейін біліктіліктің ақтық кезеңіне еліміздің өзге теннисшісі — Галина Воскобоева өткен болатын.
Еске сала кетейік, «Уимблдон» — ең көне және беделді теннистік жарыс ретінде саналады. «Үлкен шлемнің» төрт турнирінің бірі жылда маусым айының аяғы мен шілденің басында Уимблдонда ұйымдастырылады. Бәсеке екі аптаға созылады.