Каратэ-до құрамасы Азия ойындарына дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каратэ-до құрамасы Азия ойындарына дайын

Каратэ-до құрамасы Азия ойындарына дайын

Каратэ-до құрамасы Азия ойындарына дайын. Бұл туралы каратэ-додан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Парвиз Мансуров хабарлады.

  • 10 Қараша 2010
  • 681
Фото - Caravan.kz

«Қазір біз Гуанджоудағы Азия ойындарына дайындықтың соңғы жаттығуларын өткізіп жатырмыз. Таңертең және кешкі уақыттарда белсенді дайындық жүргізудеміз», — деді ол.

П.Мансуров спортшылардың жақсы дайындалғанын айтып отыр. «Жарыстарға 4 қыз бен 4 ұл барады. Бір-бірден алтын, күміс және қола медальдар алуды жоспарлап отырмыз», — деді П.Мансуров. Өткен Азиадада команда бір алтын мен екі қол медальді жеңіп алды. Осы ойындарда спортшылар өз көрсеткіштерін жақсартып, күміс жүлдені де жеңіп алуды мақсат етіп қойған.
Каратэшілер халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында жаттығуда. Жаттықтырушы жалпы алғанда қазақстандық каратэның өскенін атап өтіп отыр. «Мәселен, тамызда кадеттер мен жеткіншектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан үшінші командалық орынға табан тіреп, 2 алтын, 3 күміс пен 7 қола медальды қанжығаларына байлады», — деп атап өтті П.Мансұров. Жарысқа дайындық жұмыстары 18 қарашаға дейін жалғасады.