Каратэші Мөлдір Жаңбырбай Азия Ойындарының финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каратэші Мөлдір Жаңбырбай Азия Ойындарының финалына шықты

Каратэші Мөлдір Жаңбырбай Азия Ойындарының финалына шықты

Қытайда өтіп жатқан Азия Ойындарында каратэден 50 келі салмақтағы Мөлдір Жаңбырбай 3 қарсыласынан басым түсіп, финалға шықты. 
 

  • 8 Қазан 2023
  • 301
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы El.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыз финалға дейінгі кездесулерде үш қарсыласынан басым түсті.

1/8 финалда ол ганконгтық спортшы, Азия чемпионы Йе Тинг Цанг 3:2 есебімен ұтты. Ал ширек финалда жапониялық 2 дүркін әлем чемпионы Михо Миахарадан 6:5 есебімен басым түсті. Жартылай финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері Сара Бахманиарды 5:4 нәтижесімен қапы қалдырды.