Жарияланды: 520

Карелияда Ту-134 ұшағы апатқа ұшырап, 44 адам қаза тапты

Карелияда Ту-134 ұшағы апатқа ұшырап, оқиға салдарынан 44 адам мерт болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ Петрозаводск әуежайына жақын жердегі тас жолға қонбақ болған, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы. «РусЭйр» компаниясының Мәскеу-Петрозаводск рейсін орындаушы ұшағы жерге қонар кезде апатқа ұшыраған. Лайнер бортында 43 жолаушы, және 9 экипаж мүшесі болған. Сегіз адам, олардың ішінде 10 жасар бала бар, Петрозаводск ауруханасына жеткізілді. Жеті адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Тағы бір ақпарат бойынша, қаза тапқандардың ішінде бір Швеция азаматы болуы мүмкін. Жолаушылардың арасында ресейлік танымал футбол төрешесі Владимир Петтайдың да болу ықтималдығы айтылуда. Күрделі ауа райында қонбақ болған ұшақ, әуежайдың ұшып-қону алаңына 700 метрдей жердегі тас жолға құлаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін