Қарғын суды Арал мен Каспиге құйса, проблема шешіле ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарғын суды Арал мен Каспиге құйса, проблема шешіле ме?

Қарғын суды Арал мен Каспиге құйса, проблема шешіле ме?

Еліміздің көп өңірінде су тасып жатқанда интернетте "Неге сол тасқынның суын Аралға немесе Каспийге құя салмайды" дейтін пікірлер айтыла бастады. 

  • 8 Сәуiр
  • 19
Фото: ашық дереккөзден

Тасқын суы неге көлге айнала алмайтынын Caravan.kz медиа порталы Әшкере телеграм арнасына сілтеме жасап түсіндіреді.

Басты үш себеп бар: 

1.Қарғын судың қалдығы, химиялық заттары немесе микроорганизмдері болуы мүмкін. Өзен-көлдің су құрамы тасқынмен келетін су құрамымен бірдей емес.

    2. Тасқын суы лас қалдықтары мен қоспаларынан ажырауы үшін оған уақыт керек. Ал уақыт жоқ. Ол я буға айналып, әуеге көтеріледі, я адамдар оны кейін пайдалану үшін су қоймасына ағызады.  

    3. Табиғи көлдің су құрамы жылдар бойында жүретін геологиялық процестер арқылы пайда болады. Ал жаңадан пайда бола салған қарғын су оған бірден қосылып кете алмайды. Оны арнайы бассейндерге құйып, сақтап қана көлдің су деңгейіне әсер етуге болады. 

    Бірақ бұл жұмыстың бәріне мықты мамандар мен көп қаражат қажет.