Жарияланды: 420

Кариб бассейніндегі тағы бір ел Қазақстанның ЕХРО-2017 көрмесін өткізу туралы өтінішін қуаттайды

Багам аралдары Қазақстанның халықаралық ЕХРО-2017 көрмесін Астанада өткізу туралы өтінішін қолдайды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне отандық авто-мотоэкспедиция жетекшісі Дмитрий Петрухин мәлім етті.

«Багам үкіметі мен халқы Қазақстанға алдағы дауыс беру науқанында жеңіс тілейді. Біз 2017 жылғы ЕХРО көрмесін Қазақстан ұйымдастырады деп үміттенеміз», - деді Багам аралдары Туризм министрлігінің бас хатшысы Албури Томс, деп атап өтті Д.Петрухин. Саяхатшылар А.Томс мырзаға Қазақстаннан апарған кәдесыйлары мен қазақтың қара шапанын тарту етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін