Жарияланды: 500

Кәрім Мәсімов ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-і сессиясына қатысты

Кәрім Мәсімов Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясының ашылу рәсіміне қатысты, деп жазылды www.facebook.com:80/KMassimov блогында.

«Британ делегациясының жетекшісі, консервативтік партияның вице-төрағасы Саида Хусейн-Варсимен кездестім. Австралияның Сыртқы істер министрі Кевин Раддоммен кездесу өткіздім», деп жазды премьер Twitter-дегі блогына. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы жұмысын бастады. Сессия 29-30 маусым күндері де жалғасады. Сессия аясында Астана декларациясын және 100-ден астам қарар қабылдау жоспарлануда. Толығырақ http://pm.kz сайтынан, сондай-ақ www.facebook.com:80/KMassimov, http://vkontakte.ru/kmassimov блогтарынан оқи аласыздар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін