Кәрім Мәсімов Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары-қаржы министрімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары-қаржы министрімен кездесті

Кәрім Мәсімов Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары-қаржы министрімен кездесті

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары-қаржы министрі Рустам Азимовпен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қазан 2008
  • 617
Фото - Caravan.kz

Кездесуге қатысушылар экономиканың әр түрлі саласындағы, атап айтқанда, қаржы, отын-энергетикалық және ауыл шаруашылығы салаларындағы екі жақты ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Әңгімелесушілер екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетін және көрсеткіштердің жағымды өсу қарқынын атап өтті.

Тараптар кездесудің соңында өзара тиімді және тату көршілестік негізінде екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар