Сондай-ақ дін өте нәзік мәселе екендігін баса айтқан Үкімет басшысының пайымынша, мемлекет дінмен байланысты мәселелерде халықтық қозғалыстармен алдын ала келісуі үшін жауапты саясат жүргізуі керек.
Өз кезегінде зор сенім артып отырған Үкіметке алғысын білдірген Қайрат Лама Шариф: «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аясында осындай шешім қабылдау, дін істері жөніндегі агенттік құру өте жауапты әрі маңызды іс. Сондықтан сіздермен бірге алға қойылған міндеттерді орындаймыз деген сенім білдіргім келеді», — деді.