KZ-today ақпарат агенттігіне мәлім болғанындай, К.Мәсімов бұған дейін президент көмекшілері Ораз Жандосов пен Болат Өтемұратовтың атқарған міндеттерін жүктеп алды.
Сонымен бірге, К.Мәсімов Қазақстан, Ресей , Беларусь және Украинаның Біртұтас Экономикалық Кеңістігін құру жөніндегі жоғары дәрежелі топты бұрынғыдай басқара бермек.
2001-жылдың қараша айынан қазірге дейін К.Мәсімов ҚР үкімет басшысының орынбасары болды. 2002-жылдың қаңтарына дейін ол экономика, қаржы, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік және коммуникация мәселелерін жауаптанды. Ал 2002-жылдың қаңтарынан бері К.Мәсімов экономиканы жедел басқару, аймақтық саясат, экология және геология мәселелерімен айналысты.