Кәрім Мәсімов ҚР президентінің кеңесшісі болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов ҚР президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Кәрім Мәсімов ҚР президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Кәрім Мәсімов ҚР президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне президент әкімшілігіндегі сенімді ақпарат көзінен хабарлады.

  • 16 Маусым 2003
  • 425
Фото - Caravan.kz

KZ-today ақпарат агенттігіне мәлім болғанындай, К.Мәсімов бұған дейін президент көмекшілері Ораз Жандосов пен Болат Өтемұратовтың атқарған міндеттерін жүктеп алды.

Сонымен бірге, К.Мәсімов Қазақстан, Ресей , Беларусь және Украинаның Біртұтас Экономикалық Кеңістігін құру жөніндегі жоғары дәрежелі топты бұрынғыдай басқара бермек.
2001-жылдың қараша айынан қазірге дейін К.Мәсімов ҚР үкімет басшысының орынбасары болды. 2002-жылдың қаңтарына дейін ол экономика, қаржы, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік және коммуникация мәселелерін жауаптанды. Ал 2002-жылдың қаңтарынан бері К.Мәсімов экономиканы жедел басқару, аймақтық саясат, экология және геология мәселелерімен айналысты.

Соңғы жаңалықтар