Кәрім Мәсімовтің соты күзде өтуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімовтің соты күзде өтуі мүмкін

Кәрім Мәсімовтің соты күзде өтуі мүмкін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты түсініктеме берді.

  • 22 Маусым 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Әмірханов қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов те жұмысқа келгенін айтты. Бірақ ол экс-төраға қандай тапсырма бергенін айтпады.

Журналистер Әмірхановтан Кәрім Мәсімовтің қамауда ұстау мерзімі қашанға дейін ұзартыла беретінін сұрады.

"Күзге қарай айқын болады деп ойлаймын", — деді ол.


Сол уақытта сот өте ме деген сұраққа "иә" деп жауап берді. Соттың ашық не жабық өтетінін сот органдары анықтайтынын айтты.

"Менің білуімше, іс материалдары құпияланған. Сол себепті жабық өтуі де мүмкін. Мұны енді сот органдары анықтайды. Өйткені ол жерде мемлекеттік құпия бар", — деді Әмірханов.

Соңғы жаңалықтар