Кәрімовтен кейін Өзбекстанда орын алған 12 өзгеріс - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Кәрімовтен кейін Өзбекстанда орын алған 12 өзгеріс

Кәрімовтен кейін Өзбекстанда орын алған 12 өзгеріс

Өзбек халқы Ислам Кәрімовсіз бір ай өмір сүрді. Ел президентінің міндетін уақытша атқарушы премьер-министр Шавкат Мирзияев Ислам Кәрімовтың ұстанған бағытын одан ары жалғастырамын деген болатын. Әйтседе, бірқатар өзгерістер бәрібір орын алды.

  • 6 Қазан 2016
  • 3115
Фото - Caravan.kz

Сонымен елде орын алған 12 түрлі өзгерісті сentre1.com меди-порталы тізіп шығыпты.

1. Виртуалды арыз-шағым қабылдау

Енді Өзбекстан тұрғындары үкіметтің gov.uz (pm.gov.uz) порталы арқылы өз ұсыныстары мен шағымдарын мемлекет басшысына жеткізе алады.

Ал жұмыс нәтижесі Мирзияевтің Facebook-тағы парақшасына жарияланады.

2. Күштеп мақта жинатуға тыйым салу

Өзбекстанның еңбек министрі Халықаралық еңбек ұйымы арасында арнайы конвенция барын еске салды. Сондай-ақ күштеп мақта тергізетіндере арнап «сенім телефоны» пайда боды.

3. Кадрлық тағайындау

Уақытша президент Мирзияев үкіметте бірқатар тағайындаулар жасады. Министрлер кабинетіне 2012 жылы биліктен қуылған Абдулла Арипов қайта оралды.

Сондай-ақ вице-премьер Рустам Азизовтың өкілеттілігі кеңейді Өзінің туған өңірі Жызақтың әкімі Асрор Кобиловты қызметінен алды. Кадрлық ауыс түйіс Бас прокуратура мен бірқатар ведомстволарда орын алды.

4. Ташкентте тіркеуге тұру қатаңдатылды

Бір пәтерде тұрақты тіркеуге тұруға тек сол үйдің отбасы мүшелеріне ғана рұқсат етіледі.

5. Квота төмендеді

Өзбекстан фермерлерінің валюталық табысының мемлекетке міндетті сату көлемі 25 %. кеміді. Бұрын бұл көрсеткіш 50% болатын және фермелер валюта бағамының түрліше болуына орай табысының көп бөлігін жоғалтатынын айтып шағымданған.

6. Гафурдың оралуы

Мирзияевтың билікке келуі қылмыс әлемніңі серкесі Гафур Рахимов үшін оңтайлы болды. «Бауырластар шеңбері» қылмыстық тобының белді мүшесі Интерпол бойынша іздеуде жүргендер тізімінен алынып тасталды.


7. Доллардың бағамы психологиялық меже 3000 сомнан асты

Жыл басынан бері АҚШ ақшасы 190 сомға нығайды

8. Қудалауда жүрген әртістер оралды

Үлкен сахнаға белгілі әртістер Шерәлі Джураев, Юлдуз Усманова және Обид Асомов қайтып оралды. Бұған дейін олардың өнер көрсетуіне тыйым салынған еді.

9. Қырғызстанмен бейбіт келіссөз

Шекара аймағында орналасқан Үңгір Тепеде болған кикілжің Ташкент пен Бішкек арақатынасын шиеленістіріп жіберді. Каримовтың өлімінен соң Мирзияев дауды бейбіт жолмен шешуге шақырды. Көп ұзамай, 1-қазанда 130 адамдық делегация Әндіжанға келді.

10. Президенттік тас жолдың ашылуы

Ташкенттік көлік жүргізушілеріне Каримовтың қауіпсіздігі үшін жабылған жолдармен жүруге рұқсат етілді. Құрылысшылар темір торларды алып, жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіріп жатыр.

11. Екі төлқұжатпен азаматтығыңнан айырыласың

Шавкат Мирзиёев ел тұрғындарына екі азаматтық алуға тыйым салды.

12.Жолдарды жөндеу

Қыркүйектен бастап бірнеше жолға ауқымды жөндеу жұмыстары басталды