«Каркула» шаруа қожалығы балық өсіруді де қолға алып отыр - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Каркула» шаруа қожалығы балық өсіруді де қолға алып отыр - БҚО

«Каркула» шаруа қожалығы балық өсіруді де қолға алып отыр - БҚО

БҚО-ның Зеленов ауданындағы «Каркула» шаруа қожалығы көп жылдан бері егін өсірумен айналысып келеді.

  • 1 Шiлде 2011
  • 645
Фото - Caravan.kz

Қожалық биылғы су тасқыны кезінде зардап шексе де, сүйікті шаруасын тастаған жоқ. Биылғы жаздың жаңбырлы болуы мол өнімнен үміт күттіреді. Қожалық басшысы Виталий Каркуланың айтуынша, биыл әр гектардан 25-30 центнерден өнім жинауға мүмкіндік бар.

Аталмыш қожалық сонымен қатар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен бірлесіп балық өсіруді де қолға алып отыр. Су тоғанын тазарту жұмыстарына қожалық 35 млн. теңге жұмсап, өткен жылы университет зертханасында өсірілген 250 мың, биыл 500 мың сазан, тұқы балықтарының шабақтары жіберілді. Енді аталмыш су тоғандарынан табиғатқа залал келтірмей, балық аулауға да мүмкіндік бар.

Соңғы жаңалықтар