«Карло Феличе» сахнасындағы «Астана Операның» өнерін әлемнің қырық елі көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Карло Феличе» сахнасындағы «Астана Операның» өнерін әлемнің қырық елі көрсетеді

«Карло Феличе» сахнасындағы «Астана Операның» өнерін әлемнің қырық елі көрсетеді

«Карло Феличе» театрында қазақстандық «Астана Опера» театрының гастроліне орай баспасөз мәслихаты өтті. Генуяның үздік бұқаралық ақпарат құралдары елордалық труппаға үлкен қызығушылық танытты, деп хабарлайды «Астана Опера»  театрының баспасөз қызметі.

  • 21 Қаңтар 2015
  • 397
Фото - Caravan.kz

 Журналистер «Астана Опера» театры солисттерінің өте жас екендігін атап өтті. Олар Юрий Григоровичтің «Спартак» балетін билегендеріне қанша болғанын да сұрап жатты.

— Астанада бұл спектакльдің тұсаукесері өткен жылдың маусымында өтті, — деп жауап қатты «Астана Опера балетінің көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Нұрқалиев. — Бишілер құрамын маэстроның өзі іріктеді. Шебер солистердің жасына емес, орындау шеберлігіне қарайды деп есептеймін. 2007 жылы Мәдина Баспаева Romo сыйлығының лауреаты атанғанын айта кетейін. Жастығына қарамастан, олар кәсіптік тұрғыдан алғанда айтарлықтай жетілген».

БАҚ өкілдері қазақстандық би мәнерін, орындау ерекшелігін нақты не сипаттайтынына қызықты.

«Қазақ балеті орыс мектебінен бастау алады, бүгінгі классикалық балеттегі барлық үрдіс қазақ балетінде де бар. Біздің солисттердің орындауындағы басты ерекшелік — олардың эмоциялық күшінде, актерлық шеберлігінде», — деді Тұрсынбек Нұрқалиев.

Баспасөз мәслихаты барысында шетелдік ақпарат өкілдері «Астана Опера» театры, оның әлемнің көптеген театрларымен серіктестігі жайлы ақпараттан сусындады. Сол өнер ордаларының ішінде «Карло Феличе» де бар, нақтырақ айтсақ, театрдың арт-директоры, «Астана Опера» театрында «Ромео мен Джульетта» спектаклінің тұсаукесерінде дирижерлық еткен маэстро Джузеппе Аквавивамен серіктестік жалғасуда.

Мұнымен қатар көрме өтетін жылы «Астана Опера» театрында Ла Скала және Метрополитен-опера сияқты әлемдік опера және балет театрлары өнер көрсетеді деп күтілуде, «Карло Феличе» әкімшілігі де алдын ала бұл шараға қатысатындарына келісімдерін білдірді.


«Астана Опера» театрының Генуядағы өнер көрсеткені әлемнің қырық еліне тікелей эфирде таратылатынын атап өткен маңызды. Италиядағы «Спартак» балетін 21 қаңтарда 20:30 (Астанада 22 қаңтарда сағ. 01:30) және «Гала» бағдарламасын 23 қаңтарда 20:30 (Астанада 24 қаңтарда сағ. 01:30) тамашалауға болады. 

Перейти к новостям спорта