Қартаюды баяулататын дәрумен анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511.37
  • 583.73
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қартаюды баяулататын дәрумен анықталды

Қартаюды баяулататын дәрумен анықталды

Күнделікті D3 дәруменін қабылдау биологиялық қартаюды бірнеше жылға тежеуі мүмкін

  • 22 Мамыр
  • 7
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа зерттеу нәтижесіне сәйкес, D3 дәруменін күнделікті қабылдау хромосомалардың ұштарындағы табиғи қысқаруды баяулатып, биологиялық қартаюдың бірнеше жылын тежеуі мүмкін.

Зерттеу нәтижесі бейсенбі күні American Journal of Clinical Nutrition журналында жарияланды. Онда АҚШ-тағы Vital атты клиникалық зерттеу деректері талданған. 

Тәжірибелік зерттеуге 55 жастан асқан әйелдер мен 50 жастан асқан ер адамдар қатысқан. Олар бес жыл бойы D3 дәрумені мен омега-3 май қышқылдарын қабылдап, бақылауда болған.

Зерттеуде жасушалардағы теломерлерге — хромосомалардың ұшындағы ДНҚ-ның қайталанатын тізбектеріне әсері қарастырылған. Бұл теломерлер хромосомаларды бүлінуден қорғайды және табиғи қартаю процесін де біртіндеп қысқартады. Теломердің қысқаруы жасқа байланысты түрлі аурулардың дамуымен байланысты.

Vital — бұл D3 дәруменінің теломерлерді қорғап, олардың ұзындығын сақтай алатынын көрсеткен алғашқы кең ауқымды әрі ұзақ мерзімді рандомизацияланған зерттеу. Бұл маңызды жаңалық. Өйткені Vital зерттеуі бұған дейін де D дәруменінің қабынуды азайтып, қатерлі ісіктер мен аутоиммундық аурулардың қаупін төмендететініне дәлелдер ұсынған, — дейді зерттеу жүргізген авторлардың бірі ДжоАнн Мэнсон. 

Vital зерттеуінде қатысушыларға тәулігіне шамамен 50 мкг (2000 IU) D3 дәрумені және 1 грамм Омега-3 май қышқылы берілген. Ақ қан жасушаларындағы теломер ұзындығы бастапқы кезеңде, екінші және төртінші жылдары өлшенген (қатысушылар саны – шамамен 1054 адам).

Нәтижелерге сәйкес:

  • D3 дәруменін қабылдау теломердің қысқаруын едәуір баяулатқаны байқалды;
  • Бұл әсер қартаюдың шамамен үш жылын болдырмаумен немесе тежеумен теңестірілген;
  • Ал Омега-3 май қышқылдары теломер ұзындығына айтарлықтай әсер етпеген.

 Біздің нәтижелеріміз мақсатты түрде жүргізілген D3 дәруменімен толықтыру биологиялық қартаю процесін тежеудің перспективалы жолы болуы мүмкін екенін көрсетеді, дегенмен бұл бағытта қосымша зерттеулер қажет.” — дейді зерттеу авторларының тағы бірі Хайдон Чжу.

Cондай-ақ, ғалымдар D3 дәруменін күнделікті қабылдау (Oмега-3 май қышқылымен бірге немесе онсыз) теломердің қысқаруына немесе жасушалардың қартаюына қарсы тұруда белгілі бір рөл атқаруы мүмкін екенін айтты.