Картоптан бастайық. Оның 400 теңгеге өсіп әлеуметтік желіні шулатқаны естеріңізде ме? Ондай бағаның өзі қазір жоқ. Белгілі дүкенде картоптың бір кг бағасы 1300 теңге. Ал тауықтың саны болса картоптан арзан, 1100 теңге тұрады.

Ал енді сәбіз. Азықты түрі 187 теңге тұрса, ал одан жіңішке түрі 239 теңге тұрады.

Пияздың бағасы да қымбаттаған. Қазір оның бағасы 449 теңге тұрады.
Ал енді етке көшейік. Гуляш екі ай бұрын 3940 теңге тұрса, ал қазір 4490 теңге тұрады. Сиыр еті 2 ай бұрын киллограмы 4450 теңге тұрса, ал қазір 4490 теңге.


Жұмыртқаның 10 данасы екі ай бұрын 840 теңге болса, қазір 879 теңге тұрады.

Ұнның да бағасы 2 айдың ішінде өсіп кеткен. «Цесна» ұны 2 кг екі ай бұрын 789 теңге болса, ал енді 829 теңге тұрады.

Нанның бағасы да екі айда айтарлықтай өскен.

Арзандаған сүт қана. Ұзақ мерзімге сақталатын сүт екі ай бұрын 805 теңге тұрса, ал енді 769 теңге тұрады.