Бұл жолы Баян Алагөзова оңтүстіктің сәлем салу дастүрін жақтап шыққан Мөлдір Анарбаеваға жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Естеріңізде болса, бұған дейін Баян Алагөзова сұхбат беріп, онда оңтүстіктің сәлем салу дәстүріне түбегейлі қарсы екенін атап өткен еді. Сонымен бірге ол оңтүстіктен батыр қыздар шықпағанын атап өткен болады.
Аталған мәлімдемеге блогер Мөлдір Анарбаева жауап берген болатын. Ол «оңтүстікте батырларды дүниеге әкелетін алтын құрсақты аналар барын» атап өткен-ді.
Блогердің бұл жауабын естіген Баян Алагөзова оған жауап берді. Ол оған «картоп жеп батыр қыз туып алуға» кеңес берді.
Айта кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова жайлы өз ойын танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт те айтқан еді.
