Қарулы күштер қатарында әлімжеттік пен ақша жинау фактілері тыйылмай тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 491.71
  • 529.97
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарулы күштер қатарында әлімжеттік пен ақша жинау фактілері тыйылмай тұр

Қарулы күштер қатарында әлімжеттік пен ақша жинау фактілері тыйылмай тұр

Үш жыл ішінде әскерде 270 сарбаз қайтыс болған.

  • 26 Тамыз
  • 2
Фото: ашық дереккөз

Қарулы күштер офицерлерінің жұмысы бітпейтін бюрократия. Осындай мәлімдемені прокуратура өкілдері жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Қазақстан жауынгерлерінің кейінгі жылдардағы өлім-жітімі туралы статистиканы жариялады.

2020 жылдан бастап 270 әскери қызметші қайтыс болған. Оның ішінде 2020 жылы – 78, 2021 жылы – 96, 2022 жылы – 85, 2023 жылы 11 әскери адам көз жұмған.

«Өлім жағдайларының ең көп тараған себебінің бірі ауырып қайтыс болу – 36%, жол-көлік оқиғалары салдарынан көз жұматындар – 24% және өз-өзіне қол жұмсау бойынша 20% құрап отыр. Соның ішінде суицид жағдайы бүгінгі күні бәрімізді алаңдатады», – дейді әскери прокурордың орынбасарары.

Оның айтуынша, халық арасында суицид деңгейі бойынша еліміз әлем елдері арасында 20-орында тұр. Ал жасөспірімдер бойынша үштікке кіреді.

«Өкінішке қарай, әскери қызметшілердің қаза табуы мен суицид жағдайлары құқыққа қарсы іс-әрекет салдарынан болғаны жасырын емес. Соңғы үш жылда әскерде болған өлім жағдайының 9 фактісі қылмыстық әрекет есебінен болды. Мәселен, сарбаз Әлібек Қалыбайдың өліміне қатысты резонанстық іс бойынша әріптесі Аманжоловтың кінәсі анықталды. Өткен аптада сот процесі өз мәресіне жетті. Нәтижесінде күдікті сотталды», – дейді Мақсат Қазиев.