Карзай: бейбіт халықты қыруын тоқтапаса НАТО әскерін басқыншылар деп есептеймін
Ауғанстан президенті Хамид Карзай НАТО жазықсыз халықты қыруды тоқтатпаса, альянс әскерін басқыншылар деп есептеймін деп мәлімдеді. |
«Ауғанстан үкіметі үйлерді әуеден соққылауға тыйым салды. Соған қарамастан, бомбалау тоқтамайтын болса терроризмге қарсы күрес басқыншылық соғысына айналып кетеді», - деді Х.Карзай Кабулда өткен баспасөз мәслихатында.
«Ауғанстан тарихы ауғандықтардың басқыншыларға қалай қарайтынын әлдеқашан көрсетіп берді», - деп қосты ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін