KASE биржасының бейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы
Қазақстан қор биржасының (KASE) бейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы сәрсенбімен салыстырғанда 0,22 теңгеге төмендеді. Бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар құны 150 теңге 86 тиынды құрады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE мамандары хабарлады. |
Сәрсенбідегі бағам: 150 теңге 64 тиын.
KASE мәліметтеріне сүйенсек, бейсенбідегі сауда-саттық көлемі 160,25 млн долларды құрады. Сәрсенбідегі сауда-саттық 41,6 млн долларды құраған болатын.
Сауда-саттыққа 21 банк қатысты.
Ресми бағамды белгілеу тәртібіне сәйкес, 9-қарашада теңгенің долларға шаққандағы бағамы: 1$ үшін 150 теңге 86 тиын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін