Жарияланды: 320

KASE биржасының бейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы

Қазақстан қор биржасының (KASE) бейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы сәрсенбімен салыстырғанда 0,1 теңгеге артты. Бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар құны 150 теңге 09 тиынды құрады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE мамандары хабарлады.

Сәрсенбідегі бағам: 150 теңге 19 тиын. KASE мәліметтеріне сүйенсек, бейсенбідегі сауда-саттық көлемі 311,2 млн долларды құрады. Сәрсенбідегі сауда-саттық 162,8 млн долларды құраған болатын. Сауда-саттыққа 19 банк қатысты. Ресми бағамды белгілеу тәртібіне сәйкес, 23-қарашада теңгенің долларға шаққандағы бағамы: 1$ үшін 150 теңге 09 тиын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін