KASE биржасының дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы
Қазақстан қор биржасының (KASE) дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы жұмамен салыстырғанда 0,19 теңгеге төмендеп, 145 теңге 62 тиынды құрады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE мамандары хабарлады. |
Жұмадағы бағам: 145 теңге 43 тиын.
KASE мәліметтеріне сүйенсек, дүйсенбідегі сауда-саттық көлемі 49,4 млн доллар, жұмадағы сауда-саттық көлемі 163,3 млн доллар болатын.
Сауда-саттықа 17 банк қатысты.
Ресми бағамды белгілеу тәртібіне сәйкес 12-шілдеде теңгенің долларға шаққандағы бағамы: 1$ үшін 145 теңге 62 тиын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін