KASE биржасының дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы
Қазақстан қор биржасының (KASE) дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы жұмамен салыстырғанда 0,02 теңгеге төмендеп, 1$ құны 150 теңге 86 тиынды құрады. |
Жұмадағы орташа бағам 1 доллар үшін 150 теңге 84 тиын.
KASE мәліметтеріне сәйкес, дүйсенбідегі сауда-саттық көлемі 64,4 млн долларды құрады, жұмада 131,55 млн доллар болатын.
Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.
Ресми бағам анықтау тәртібіне сәйкес, 5-қарашада теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1$ үшін 150 теңге 84 тиын. 6-қараша күні 150,86.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін