Жарияланды: 340

KASE биржасының дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы

Қазақстан қор биржасының (KASE) дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы жұмамен салыстырғанда 0,01 теңгеге артты. Бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар құны 150 теңге 91 тиынды құрады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE мамандары хабарлады.

Жұмадағы бағам: 150 теңге 92 тиын. KASE мәліметтеріне сүйенсек, дүйсенбідегі сауда-саттық көлемі 25,3 млн долларды құрады. Жұмадағы сауда-саттық 31 млн долларды құраған болатын. Ресми бағамды белгілеу тәртібіне сәйкес, 15-қаңтарда теңгенің долларға шаққандағы бағамы: 1$ үшін 150 теңге 91 тиын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін