KASE биржасының сейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы
Қазақстан қор биржасының (KASE) сейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы дүйсенбімен салыстырғанда 0,04 теңгеге артты. Бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар құны 150 теңге 82 тиынды құрады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE мамандары хабарлады. |
Дүйсенбідегі бағам: 150 теңге 86 тиын.
KASE мәліметтеріне сүйенсек, сейсенбідегі сауда-саттық көлемі 163,85 млн долларды құрады. Дүйсенбідегі сауда-саттық 64,4 млн долларды құраған болатын.
Сауда-саттыққа 24 банк қатысты.
Ресми бағамды белгілеу тәртібіне сәйкес, 7-қарашада теңгенің долларға шаққандағы бағамы: 1$ үшін 150 теңге 82 тиын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін