KASE биржасының сейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы
Қазақстан қор биржасының (KASE) сейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы дүйсенбімен салыстырғанда 0,08 теңгеге өсіп, 1$ құны 150 теңге 78 тиынды құрады. |
Дүйсенбіде орташа бағам 1 доллар үшін 150 теңге 86 тиын.
KASE мәліметтеріне сәйкес, сейсенбідегі сауда-саттық көлемі 119,7 млн долларды құрады, сәрсенбіде 97,1 млн доллар болатын.
Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.
Ресми бағам анықтау тәртібіне сәйкес, 13-қараша теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1$ үшін 150 теңге 86 тиын. 14-қараша күні 150,78 теңге.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін