Жарияланды: 260

KASE биржасының сенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы

Қазақстан қор биржасының (KASE) сенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы бейсенбімен салыстырғанда 0,45 теңгеге төмендеді. Бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар құны 150 теңге 74 тиынды құрады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE мамандары хабарлады.

Жұмадағы бағам: 150 теңге 29 тиын. KASE мәліметтеріне сүйенсек, сенбідегі сауда-саттық көлемі 57,5 млн долларды құрады. Жұмадағы сауда-саттық 213,45 млн долларды құраған болатын. 2012 жылдың 30-желтоқсаны мен 2013 жылдың қаңтары аралығында теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы: 1$ үшін 150 теңге 74 тиын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін