KASE биржасының жұмадағы сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы
Қазақстан қор биржасының (KASE) жұмадағы сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы бейсенбімен салыстырғанда 0,02 теңгеге төмендеді. Бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар құны 150 теңге 84 тиынды құрады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE мамандары хабарлады. |
Бейсенбідегі бағам: 150 теңге 82 тиын.
KASE мәліметтеріне сүйенсек, жұмадағы сауда-саттық көлемі 131,55 млн долларды құрады. Бейсенбідегі сауда-саттық 80,5 млн долларды құраған болатын.
Сауда-саттыққа 20 банк қатысты.
Ресми бағамды белгілеу тәртібіне сәйкес, 3-5-қарашада теңгенің долларға шаққандағы бағамы: 1$ үшін 150 теңге 84 тиын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін