Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,28 теңгені (-0,05теңге), ал сауда көлемі — 49 400 мың долларды (-75 250 мың доллар) құрады.
Т+0 теңге есебімен еуроның орташа бағасы 190,80 теңгені , сауда көлемі -150 мың еуроны құрады.
Т+0 АҚШ доллары есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті құрал бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.