KASE: Доллар бағамы бірден 7 теңгеге төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE: Доллар бағамы бірден 7 теңгеге төмендеді

KASE: Доллар бағамы бірден 7 теңгеге төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің Т+1 есебімен АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 363,61 теңгені құрады.

  • 19 Қыркүйек 2018
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап хабарлайды.  

Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 6,87 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға — 361,9, ал ең жоғарысы — 366 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 33,05 млн долларға жетті.

Т+1 есебімен сейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 370,48 теңге, күндізгі сессияда 368,62 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 369,36 теңге болып, сауданың жалпы көлемі 70,7 млн долларды құраған.


 

Соңғы жаңалықтар