Бұл туралы Caravan.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 7 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0, 70 өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 426, 23 теңге болды. Ұлттық банктің 8 қыркүйектегі ресми бағамы -1 доллар үшін 425,47 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426,03 теңгеден сатылса, сатып алу — 427,55 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 425,55 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны — 426,66 теңге.