Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,67 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 521,67 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521 теңге. Еуро 589 — 595 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 527 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 590 теңгеден сатып алынып, 598 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,27 — 6,39 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 16 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 516,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,30 теңге. Еуро — 586, 33.