KASE күндізгі сессиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясы

KASE күндізгі сессиясы

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD), есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша

  • 9 Қараша 2015
  • 433
Фото - Caravan.kz

(EURKZT_TOD), есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_TOD),- есептесуі T+0 теңгемен Ресей рублі бойынша (RUBKZT_TOD), валюталық своп операциялары бойынша (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша сессия болып табылады. Бүгін АҚШ-та (Ардагерлер күні) мереке күні болғандықтан, Қазақстан қор биржасында USDKZT_0_002 валюталық своп операциялары бойынша сауда-саттық жүргізілмеді. АҚШ долларының спот-нарығына KASE валюталық нарығының 26 мүшесі, своп-нарыққа — 21 мүшесі қатысты.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле бір АҚШ долларына 307,12 теңгені құраған бағамы бойынша жасалды, сауда-саттық көлемі 
163 050 мың АҚШ долларын құрады. Сессия жабылу бір АҚШ долларына үздік баға белгілеулер — 306,92/306,99 теңгені құрады.

Таңертеңгілік және күндізгі сессия қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 308,69 теңгені 
құрады (+1,19), сауда-саттықтың қосынды көлемі — 227 600 мың USD (-50 050 мың).


Еуро спот-нарығында есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша орташа сараланған бағамы бір еуроға 333,00 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 300 мың еуро; есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен Ресей рублінің орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,8184 теңге, сауда-саттық көлемі 18 100 мың рубльді 
құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған бағасы +0,4900 теңгені құрады, сауда-саттық 533 200 мың USD;- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар