KASE күндізгі сессиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясы

KASE күндізгі сессиясы

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. 

  • 25 Қараша 2015
  • 387
Фото - Caravan.kz

 26 қараша АҚШ-та мереке күні (День благодарения) болуына байланысты USDKZT_TOM, EURUSD_TOM және USDKZT_0_001 қаржы құралдарының сауда-саттығы өткізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

— есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 307,08 теңгені құрады,   сауда-саттық көлемі 77 900 мың АҚШ долларын құрады;

— есептесуі Т+1, T+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемене еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6980 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 5 000 мың рубль болды.


Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 307,8 теңгені (-0,04) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 129 200 мың USD (-23 000 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

— USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған бағам +0,5200 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 699 100 мың USD;

— EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.