KASE күндізгі сессиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE күндізгі сессиясы

KASE күндізгі сессиясы

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. 

  • 26 Қараша 2015
  • 456
Фото - Caravan.kz

26 қараша АҚШ-та мереке күні (День благодарения) болуына байланысты USDKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDKZT_0_001 және USDKZT_0_002  қаржы құралдарының сауда-саттығы өткізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

— есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ долларының (USDKZT_TOМ) орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 307,21 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 28 200 мың АҚШ долларын құрады;

— есептесуі Т+0, T+1 және T+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен еуро бойынша   мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6851 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 65 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 307,21 теңгені (-0,13) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 31 700 мың USD (-97 500 мың).


 Валюталық своп операциялары нарығында: 

— USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте ұсыным бір АҚШ доларына +0,1500 теңгені құрады, сұраным болған жоқ;

— EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған  жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға  белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 18 банк қатысты.

Соңғы жаңалықтар